Түркістан облысында суға батқан қыздың денесі табылды

12.05.2023 14:45

Қыз баланың мәйіті құлаған жерінен төмен қарай 5 шақырым жерден табылған

orda.kz

Түркістан облысы Келес ауданында суға батып кеткен 12 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Абай ауылында болған.

Құтқарушылардың айтуынша, 8 мамыр сағат 17:00 шамасында оқушы қыз "Ошақты" каналына құлап, өздігінен шыға алмай қалған. Оқиға кезінде жасөспірімнің қасында болған құрбысы оның ойнап жүріп, абайсызда суға батып кеткенін айтқан. Қыз баланың мәйіті құлаған жерінен төмен қарай 5 шақырым жерден табылып, судан шығарылды.

Келес аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушылары да 4-сынып оқушысы "Ошақты" арнасының маңында жүріп, абайсызда суға түсіп кеткенін мәлімдеді.

Оны іздестіру мақсатында төтенше жағдайлар басқармасынан 2, 19 өрт сөндіру бөлімінен 4, полиция бөлімінен 8, жергілікті атқару органдардан 4 қызметкер және туыстардан 12 адам іздестіру жұмысына жұмылдырылды.