Әйелді бірінші көлік қаққан соң, екінші көлік аяғын басып кетті
Алматыда екі көлік қағып кеткен әйел ауыр халде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстанға.
Жол апаты Рысқұлбеков көшесі бойында Сүлейменов көшесіне жетпей болған. Hyundai Accent көлігінен шыққан әйелді Mazda қағып кетеді. Қатты соққыдан ол қарама-қарсы қозғалыс жолағына ұшып түсіпті. Сол сәтте келе жатқан Toyota land Сruiser Prado тоқтап үлгермей, әйелдің аяғын басып кеткен.
Зардап шегуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді.