Бортта болған 13 адамның бәрі қаза тапқан
27 наурыз күні Қызылорда облысы Жалағаш ауданында МИ-8 әскери ұшағы апатқа ұшырап, бортта болған 13 адамның бәрі қаза тапқан болатын. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видеоролик тарап кетті деп хабарлайды Almaty.tv.
Кадрдан өртеніп жатқан тікұшақ пен өрт сөндіру және әскери көліктерді аңғаруға болады. Кадр сыртындағы дауыс оқиғаның Қызылорда облысы Жалағаш ауданында болғанын, қаза тапқан адамдардың бар екенін айтады.
Еске салайық, осы қайғылы оқиғадан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көңіл айтып, мемлекет тарапынан көмек көрсетілетінін мәлімдеген еді.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Официальная страница (@almaty.tv)27 Мар 2019 в 8:11 PDT