Қарағанды облысында екі балықшы суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сарышаған ауылының тұрғындары Балқаш көліне балық аулауға барып, үйлеріне қайтпаған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпарына сай, қайғылы оқиға 30 наурыз күні болған. Ертесі құтқарушылар балықшыларды іздестіруге кіріскен. Мамандар алдымен көлдің жағасын қарап, таппаған соң суға түсіпті. Кейін екі ер азаматтың денесі табылған.
«Қазір өлімнің мән-жайы анықталып жатыр. Сот медициналық сараптама тағайындалды. Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті су айдынына шығар алдында қайықты мұқият тексеруді ескертеді. Қайықтағы әрбір адамда жеке құтқару құралы болу керек», – деді Қарағанды облысы ТЖ департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.