Файзутдинов петерборлық клубтың жастар командасының капитаны болған
Ресейлік «Динамо Санкт-Петербург» клубының қорғаушысы Тимур Файзутдинов Харламов кубогының 1/8 финалында ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
12 наурызда Ярославльдің «Локомотивіне» қарсы ойында 19 жастағы спортшының басына шайба тиген. Хоккейші ауыр соққыдан соң құлап, тұра алмай қалды.
«Ойыншы ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін үш күн бойы күресті», делінген «Динамоның» әлеуметтік желідегі хабарламасында.
Файзутдинов петерборлық клубтың жастар командасының капитаны болған. Карьерасында 200-ге жуық матч өткізген.