Оқиға жолдың жарықтандырылмаған аумағында орын алған
«Алматы-Көкпек-Шонжы-Көктал-Қорғас» тас жолында жол-көлік апаты болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Mitsubishi Galant автокөлігін тізгіндеген жүргізушінің айтуынша, ол шамамен сағатына 70-90 шақырым жылдамдықпен жүріп бара жатқан. Кенет Еңбек ауылына жетпей, бір адам жолдың ортасынан жүгіріп шыға келеді. Жүргізуші дереу тежегішті басқанымен, екпінмен келе жатқан көлік тоқтап үлгерем дегенше, жолаушыны жаншып өткен.
Айта кеткен жөн, жолдың осы тұсы мүлдем жарықтандырылмаған.
Жаяу адам алған жарақаттардың нәтижесінде тіл тарпай кетті. Марқұмның жанында құжаттары болған, сол бойынша оның 1981 жылы туған азамат екені анықталды.
Жол полициясының қызметкерлері ЖКО мән-жайын анықтап жатыр.