Жоғалып кеткен бірнеше адам іздестіріліп жатқаны белгілі болды
Тараздағы әскери бөлімде өрт сөндіру барысында 4 әскери қызметкер қаза тапты. Бұл туралы бүгін баспасөз қызметінде қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Ең алдымен апатта өрт сөндіру барысында қаза тапқан төрт әскери қызметкердің жақын туыстарына көңіл айтамыз», – деді Нұрлан Ермекбаев брифингте.
Сонымен қатар, жоғалып кеткен бірнеше адам іздестіріліп жатқаны белгілі болды.
Айта кетейік, бұған дейін 27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатқаны хабарланған еді.