Магнитудасы MPV 4,3
Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметтеріне сілтеме жасап.
"21 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 04:57-де сейсмикалық стансалар желісіне жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 285 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан", - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.2. Магнитудасы MPV 4,3. Тереңдігі 5 шақырым.