Ақмола облысының 15 жастағы тұрғыны елді дүрліктірді

12.10.2023 14:32

Жоғалып кеткен оқушы Алматыдан табылды

polisia.kz

 Қоянды қаласының 15 жастағы тұрғына үйіне оралмады. Кейін оны іздеу жарияланып, полицейлер жасөспірімді Алматыдан тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысы Қоянды ауылында әйел 15 жастағы оқушы қызын өз бетімен таба алмаған. Содан полицияға хабарласқан. Сол күні қыз мектепке келмеген, бұл туралы мұғалімдер ата-анасына бірден айтқан.

Жоғалған баланы облыстың ювеналды және криминалдық полиция басқармасының полицейлері дереу іздеген. Оқушы қыздың жақын достарынан сұхбат алынды. Сол арқылы оның құрбысымен Алматыға кеткені белгілі болды.

 - Жасөспірімге қатысты заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды, - деп түсіндірді полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Оқушы қызын қорлаған – түркістандық ана әділдік іздейді: 11 қазанда болған маңызды оқиғалар