Алматы қаласында Mercedes жүргізушісі үш жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz.
Оқыс жағдай 19 мамыр күні күндіз Ақжар ықшамауданындағы Молдағұлова көшесінде орын алған.
Кейін рөлде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің отырғаны анықталды. Ал үш жасар бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Әзірге полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.