Онда адамдар шылым шегіп тұрған
Орал қаласының орталығындағы тұрғын үйде балкон опырылып құлады, бұл кезде оның ішінде адамдар тұрған.
Оқыс оқиға дүйсенбі, 29 сәуірде болды. Екінші қабаттағы балконның бетон едені опырылып түскен, деп хабарлады Уральская неделя.
Ер адамдар балконға темекі тартуға шыққан, алайда осы сәтте үй тұрғындары бетон еденмен бірге төменге құлап түскен. Құдай сақтап ешкім ауыр жарақат алмаған.
«Біздің балкондардың барлығы апатты жағдайда тұр. Егер төменге қарасаңыз, бетонның бәрі құлап кеткенін көресіз, балкон плитасы тіпті қабырғаға бекітілмеген», - дейді үйдің тұрғыны Александр Цветков.
Оның айтуынша, ғимарат апатты жағдайда тұр. Цветков пәтерінде жарық пайда болғанын хабарлады.
«Әкімдікке хабарластым, олар суретке түсіріп алды. Тұсқағазын алып тастап, жөндеу жұмыстарын жүргіздім, жарық әзірге бітеулі тұр», - дейді Александр Цветков.
Үй тұрғындарының айтуынша, ғимарат 1961 жылы салынған, содан бері бірде-бір рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмепті.