MPV магнитудасы – 4,1
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 12 мамыр күні 00 сағат 12 мин 20 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 200 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8,5. MPV магнитудасы – 4,1. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет түскен жоқ», – делінген Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы ақпаратында.