Еңбек инспекторларының хабарлауынша, қаза тапқан 33 жастағы ер адам - алтыншы разрядты электрик
Қазақстан электролиз зауытында жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды 24.kz.
Еңбек инспекторларының хабарлауынша, қаза тапқан 33 жастағы ер адам - алтыншы разрядты электрик.
Бірақ неден, қалай болғаны әлі нақтыланып жатыр. Дәрігерлер зауытқа дереу жеткенімен, азаматтың өмірін ажалдан арашалап қала алмады. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Мамандардың айтуынша, бұл кәсіпорында адам өлімі соңғы рет 10 жыл бұрын тіркелген. Жалпы, облыстың өндіріс орындарында жыл басынан бері 30 қайғылы оқиға болған. Екі дерек жұмысшы өлімімен аяқталыпты.
«Алдын ала болжам бойынша, жұмысшының үстіне құрал-жабдық арбасы құлаған. Оқыс жағдайдың нақты себебі алдағы 10 жұмыс күні ішінде анықталмақ. Қазіргі уақытта еңбек инспеткорлары тиісті шараларды қолға алды», - деді облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов.