Жергілікті төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, оқыс оқиға Жітіқара қаласында болған. Полицейлер жасанды суқоймасынан үш баланы тез арада құтқарып, ауруханаға жеткізгенімен, 2013 және 2014 жылы туған жеткіншектер көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алдын ала болжам бойынша оларға суық өтіп кеткен. Ал, үшінші 8 жастағы бала дәрігерлердің қарамағында. Сонымен қатар, балаларды құтқару кезінде зардап шеккен куәгер де ауруханаға жатқызылды. Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті балаларды қараусыз қалдырмауды, мұз үстінде ойнаудың бүлдіршіндер үшін қауіпті екенін ескертеді.