Атырау облысында атыс болды: бір адам көз жұмды

31.10.2021 14:53

Төтенше жағдай Сағыз ауылы маңында Атырау – Ақтөбе тас жолында болды

© Photo : Yelena Sergiyenko

Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Атырау – Ақтөбе тас жолында атыстан алты адам жараланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сілтеме жасап.

Полиция ақпаратынша, оқиға сенбі, 30 қазан кешкі жеті жарым шамасында Сағыз ауылы маңында болған.

Бастапқыда алты адамның жараланғаны хабарланды. Олар Сағыз ауылының дәрігерлік амбулаториясына жеткізілген.

Кейін 36 жастағы ер адамның көз жұмғаны белгілі болды.

"Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу басталды", – деп мәлімдеді полициядағылар.

Полиция департаментінің болжамынша, атысқа ауыл тұрғындары арасындағы жанжал себеп болған.