Алатау ауданында бетіне қабыршақ мұз қатқан айдында ойнамақ болған балалар қайтыс болды
Қала басшысы Алатау ауданында жоғалып кеткен балалардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Құтқару қызметтері Алатау ауданында жоғалып кеткен оқушыларды іздестіру шараларын тоқтатты. Өкінішке орай, Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсенғалиевтер қаза тапты. Жазым болған оқушылардың отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Полиция департаменті мен ТЖ қызметтеріне себептерді анықтау жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетеміз. Тергеу барысы менің жеке бақылауымда болады" - деп жазды Б. Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында.