Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 414 шақырымда жер сілкінді

10.01.2020 14:45

Жер сілкінісі Қырғыстан аумағында болған

regnum.ru

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 10 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша 06 сағат 07 минутта (Гринвич бойынша 00.07) жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сейсмологтар хабарлағандай, зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 414 шақырымда, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 8.5. MPV магнитудасы 3.8. Тереңдігі - 20 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ.