Алматыда автобус апатына жүргізуші себепкер болуы мүмкін - полиция

Алматыда автобус апатына жүргізуші себепкер болуы мүмкін - полиция
Жол апатынан 33 жастағы жүргізушілердің бірі жарақат алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы полициясы Саин мен Райымбек көшелерінің қиылысында болған жол апатына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апаты 1 шілдеде таңғы 06:15 шамасында Райымбек пен Саин көшелерінің қиылысында болған еді. Қалааралық автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, көпірден құлап кетті.

«Автобус Түркістан облысынан келе жатқан. Абырой болғанда, көлікте 3-ақ адам: 2 жүргізуші, 1 жолаушы болған. Жол апатынан 33 жастағы жүргізушілердің бірі жарақат алды. Оған медициналық көмек көрсетілген соң, ауруханаға жатудан бас тартты. Автобустың багажы алмаға толып тұрған. Жол апатының себебі жүргізушінің жолда ұйықтап кетуінен болуы мүмкін. Алайда бұл нұсқа жақсылап тексеріледі. Екінші нұсқасы жүргізуші  жылдамдықты асырып жібергендіктен болуы ықтимал. Бұл дерек қазір Алатау аудандық ПБ әкімшілік тәжірибе бөлімі қызметкерлері тексеріп жатыр. Қажетті сараптама мен зерттеулер ұйымдастырылады», – деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.  

Новости партнеров