Алматы облысында болған жантүршігерлік жол апатынан бүтін бір отбасы қайтыс болды

Алматы облысында болған жантүршігерлік жол апатынан бүтін бір отбасы қайтыс болды
Қызы мен әкесі 27 мамыр күні таңертең ауруханада көз жұмған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы жол-көлік оқиғасынан отбасы мүшелерінің бір де біреуі аман қалмаған. Қайғылы жағдай 26 мамыр күні Алматы-Өскемен тасжолына 95 шақырым қашықтықта болған, деп хабарлайды 24.kz.

«Қызы мен әкесі 27 мамыр күні таңертең ауруханада көз жұмған. Анасы апат болған жерде тіл тартпай кеткен», деп хабарлайды Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова. 

Оқиға былай болған: Қапшағай тасжолында Үштөбеден қалаға қарай екі көлік келе жатады. Lexus RX 300 автокөлігінің рөлінде әйел адам болған. Екінші көліктегі туыстарының айтуынша, сол жақтағы көлік бірден бұрылып, Lexus RX 300 автокөлігін соққан. Lexus 100 метрдей жерге ұшып кетіп, аударылған. 

Новости партнеров