Алапат өрттен құтқарылғандар уақытша мектепке орналастырылды

30.11.2023 14:51

Қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілді

Сурет: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Алматыда өртенген хостелден 59 адам эвакуацияланып, 56-сы жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

- Қазір 56 адам жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды. Ыстық тамақ берілді, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі. Бір сағат ішінде ауданның қонақ үйлеріне орналастырылады, – деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Еске салайық бүгін мегаполисте хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты.

Дәрігерлер өрттен зардап шеккен 2 адамға көмек көрсетті. Олар ауруханаға жеткізіліп, кейін амбулаторлық ем қабылдау үшін үйлеріне жіберілді.

Оқи отырыңыз: Алматыда хостел өртеніп, 10-нан аса адам қаза тапты