Қызылорда облысында бір қыз екіншісін аяусыз ұрып-соққан, ал өзгелері ажыратудың орнына бұл сәтті бейнекамераға түсіріпті. Енді осы видеокадрлар арқылы облыстық Полиция департаменті бұзақылық жасаған бойжеткенді анықтап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.
Оқиға биыл 17 сәуір күні Тасбөгет ауылында болған екен. Жәбірленген қыздың ата-анасы полицияға шағымданбаған.
"Бұзақылық дерегін тексеру барысында полицейлер өз қатарласын ұрған қызды және бұл оқиғаны бейнекамераға түсіріп, видеоны әлеуметтік желілерге таратқандарды анықтады. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-тармағы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - делінген полиция таратқан хабарламада.