Алматылықтар түтін мен ысқа шағымдануда

16.05.2019 14:58

Tengrinews.kz

Алматы тұрғындары таңнан бері қала аспанын ыс пен түтін торлағанын айтып, шағымдануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желі қолднаушыларының болжауынша, түтін Алматы облысындағы қоқыс полигонынан келген. Төтенше жағдайлар комитеті бұл ақпаратты растады.

«16 мамыр күнгі түнгі сағат 2:30-да өртке қарсы қызметке Қарасай ауданына қарасты Әйтей ауылынан 7 шақырым жерде қоқыс полигоны жанып жатқаны туралы хабар түскен. Қатты тұрмыс қалдықтардан тұтанған өрттің аумағы бір гектарды қамтыды  деген болжам бар. Құрбан болған немесе зардап шеккендер жоқ», - делінген Комитеттің мәліметінде.