Зардап шеккен адам жоқ
Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының Жамбыл облысы аумағындағы учаскесінде бірден бірнеше жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жамбыл облысы Полиция департаментінен мәлім еткендей, көктайғақ пен жолдың нашар көрінуінен жол апаттарына 7 көлік түскен. Бірнеше жүк көлігі жолдың тайғақтығы салдарынан аударылған.
«Жол-көлік апаттарында зардап шеккен адамдар жоқ. Оқиға тексеріліп жатыр», – деді ведомстводан.
Айта кетейік, Жамбыл облысында ауа райының бұзылуы байқалуда – қар, көктайғақ және тұман. Қардың мол түсуіне байланысты полицейлер өңір аумағында күшейтілген қызмет режиміне көшті.