Алматы облысында ер адамды әйнектің сынығымен бауыздап өлтірді

02.07.2019 15:08

Полиция ер адамның өліміне қатысы бар күдіктіні ұстады

Алматы облысында жұмысшыны өлтірген 49 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция департаментінің мәліметінше, Қаскелең қалалық ауруханасына мойны жарақатанған 50 жастағы ер адам түскен. Алайда ол есін жимаған күйі  көз жұмған. Полиция өлімге қатысты күдіктіні ұстады. Оқиғаны көрген куәгерлер бар. 

«Іргелі ауылының тұрғыны ұсталды. Олар бір-бірімен таныс болған. Марқұм ер адам да, күдікті де әртүрлі жұмыс істеп ақша тауып жүрген. Екеуі жанжалдасып қалып, соңында төбелеседі. Күдікті марқұмның кеңірдегін әйнектің сынығымен орып жіберген», – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.