Үйден қашып кетуге мәжбүрледі дейді ол
Түркістан облысы Жетісай ауданында өгей анадан қорлық көрген 3 қыздың анасы өз шындығын айтты. Бұл туралы заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды Sn.kz.
Айгүл Орынбек қыздардың анасымен арнайы кездесіп, мән-жайды сұраған екен.
«Әкесі салафи ағымына кіріп, күнде ұрып-соғып отырғанын да жеткізді. «Қыздарды тастамайтын едім, ол мені мәжбүрледі, үйден қашуыма итермеледі» деп жылап отыр. Әркімнің өз шындығы бар! Мен ешкімді ақтамаймын», – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, 3 қыздың денелері көгерген түрлі суреттер мен видеолар әлеуметтік желіге жарияланып, қызу талқыға түскен. Кейін бұл қатігездікке барған өгей шешелерінің ұсталғаны хабарланды. Зәбір көрсеткен әйел екінші сәбиіне аяғы ауыр боп шықты.