Теміртауда 87 жастағы қария ұлының соққысынан көз жұмды

04.07.2019 15:11

Бұл жағдайға куәгер болған туыстары бірден жедел жәрдем шақырған

Теміртауда 87 жастағы әкесін бағып-қағудан шаршаған 59 жастағы азамат оны аяусыз сабап тастаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Cұмдық оқиға Теміртау қаласында болған. Екі қарияның арасындағы жанжалдан соң ұлы әкесін аяусыз соққыға жыққан. Бұл жағдайға куәгер болған туыстары бірден жедел жәрдем шақырған.

87 жастағы жәбірленуші ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсіп, есін жимастан көз жұмды.

«Жәбірленушінің 59 жастағы ұлы ұрғаны анықталды. Ол жанжал барысында әкесін қол көтергенін мойындап, артынша тығылып қалған», - деді Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде.