Сен мені шаршаттың: Алматы облысында мектепте тағы дау шықты

07.02.2024 15:12

Шешім қабылдау үшін сараптама тағайындалды

elements.envato.com

Алматы облысында химия пәні мұғалімі мен оқушы арасында дау туды. Сыныпта болған оқиғаның видеосын 8-сынып оқушысының анасы жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Әйелдің айтуынша, Алматы облысы Іле ауданындағы ауылдық мектептердің бірінде химия сабағында мұғалім оқушыға үйде дәптерін ұмытып кеткені үшін айғайлап, қол көтерген. Дәлел ретінде әйел мұғалімнің оқушыға дауыс көтеріп сөйлеп жатқанын, оның қолынан ұстап, итеріп жіберген видеосын жіберген. Ол бұл дерек бойынша күйеуінің полицияға хабарласқанын айтты.

- Бір апта бұрын химия пәнінің мұғалімі баламды сабаққа екі минут кешігіп келгені үшін сабақтан қуып жіберді. Бүкіл мектеп мұғалімді қорғайды. Баламның жүйкесі жұқарғаны сонша, денесі бөртіп кетті. Мұғалімдердің қол көтеруге құқығы жоқ деп есептеймін, - дейді Любовь.

Алматы облысының әкімдігі химия пәнінің мұғаліміне қатаң сөгіс жарияланғанын және Алматы облысы білім басқармасының комиссиясы жүргізген тексеруден кейін әңгіме жүргізілгенін хабарлады.

Мұндай жағдайлар туындағанда мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына хабарласа алады.

Облыстық полиция 25 қаңтарда ауыл тұрғынының арызы қабылданғанын хабарлады.

- Бұл дерек аудандық ішкі істер бөлімінде тіркелді. Мұғалімге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар кәмелетке толмаған баланың ата-анасының уәжі негізінде соңғы процестік шешім қабылдау үшін сараптама тағайындалды, - деп хабарлады полициядағылар.


Оқи отырыңыз: Ақтөбеде барлық білім беру мекемесінде сабақ қашықтан өтеді

Теги: ұстаз