Генералдың үйінде көз жұмған қыздың құрбысы оның жезөкше болғанын айтты

02.10.2019 15:14

Надира Кадырова Түркияға жұмыс істеу үшін төрт жыл бұрын барған

Centralasian.org

Түркия прокуратурасы 24 қыркүйек күні отставкадағы генералдың үйінен мәйіті табылған Надира Кадырованың өліміне байланысты тергеу ісін бастады. Әділет және даму партиясының депутаты Ширин Уналдың анасына күтуші болған өзбек қызының жүрек тұсына оқ тиіп, қаза тапқан, деп жазады nur.kz.

Cumhuriyet басылымының мәліметінше, марқұмның құрбысы тергеу барысында Надираның жезөкшелікпен айналысқанын айтқан.

"Мен Надираның жеңіл жүрісті болуына ешқашан түрткі болған емеспін. Мен Ташкентке тоқыма өнімін жіберемін. Осы кәсіппен ақша табамын. Менің қолымда барлық құжаттар бар, дәлел келтіре аламын", – деген Лейла Ниязова өз сөзінде.

Надира Кадырова Түркияға жұмыс істеу үшін төрт жыл бұрын барған. Соңғы жылдары ол Ширин Уналдың қарт анасына қараушы болыпты.

Естеріңізге сала кетсек, өзбек қызының денесі Анкарадағы Уналдың үйінен табылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Марқұмның жанында генералға тиесілі тапанша жатқан. Бұл уақытта Унал отбасымен бірге үйінде болыпты.

Надира Кадырованың денесі 25 қыркүйекте туған жеріне қайтарылды.