Қызылордалық жігіт сүйген қызына ерегісіп, өзін өртеп жіберді

01.08.2023 15:17

Дәрігерлер науқастың жағдайы өте ауыр дейді

ашық дереккөзден

Қызылордада 37 жастағы ер адам өзін жағып жіберді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 30 шілдеде болған. Ер адам сүйген қызын қарата алмағанына ашуланған. Ол ызаға бой алдырып, үстіне бензин құйып, от қойып жіберген.

«Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды»,- дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамды облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер науқастың жағдайы өте ауыр дейді.

Теги: қызылорда