Сот бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады
Қазақстанға 22 тона темекіні «жалған транзит» арқылы заңсыз алып келген адам бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Маңғыстау облысы бойынша қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаментінің қызметкерлері осы әрекетке қатысты істі тергеуді аяқтады. Айыпты деп танылған адам алдын ала дайындалған қылмыстық жоспар бойынша Маңғыстау облысының «Құрық» теңіз портынан Жамбыл облысына дейін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы «Әзірбайжаннан Ауғанстанға» транзитке жалған мәлімделген темекілерді бар жүк көлігін айдаған, алайда ол Алматы облысының аумағында заңсыз жүк түсіру кезінде қылмыс үстінде ұсталды.
«Сот бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, пайдаланылған жүк көлігі мен заңсыз әкелінген темекілер мемлекет кірісіне айналдырылды», - делінген хабарламада.