Қостанай облысында жүргізуші жылу трассасына соғылып, қаза тапты

31.03.2023 15:20

Оқиға наурыздың 30 күні, сағат 14:49-да болған

polisia.kz

Наурыздың 30 күні, сағат 14:49-да  Арқалық қаласында ВАЗ автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Ш.Жәнібек көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай жылу трассасына соғылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты салдарынан жүргізуші қайтыс болды.

Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.