Түркістан облысында мал іздеуге шыққан 2 адам жоғалып кетті

08.02.2024 15:23

Іздеу жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 30 адам, 4 техника және 2 дрон жұмылдырылды

polisia.kz

Іздеу жұмыстарына құтқарушылармен бірге жергілікті тұрғындар да жұмылдырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Туыстарының айтуынша, жоғалған екі азамат Түлкібас ауданы Керейт ауыланан мал іздеуге шығып, қайтар бағытта күннің бұзылуына байланысты адасып кеткен. Іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамынан 30 адам, 4 техника және 2 дрон жұмылдырылды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар да көмекке шыққан.

- Екі адамның жоғалғаны жайында 7 ақпанда туыстары хабарлады. Түркістан облысының ТЖД қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді! Ауа райына байланысты ескертулерге назар аударыңыз және күн бұзылған жағдайда үйде болыңыз! Төтенше жағдай туындаса құтқару қызметінің тәулік бойғы «112» бірыңғай нөміріне немесе «101» нөміріне қоңырау шалыңыз - делінген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Мегаполисте лай көшкіні тұрғын үйлерге жетті