Атырау облысында жасанды бөгеттерді жару жұмыстары басталды

07.04.2024 15:38

Оны тротилмен жарып, өзен кедергісіз ағып жатыр

Фото: скрин с видео

Ұлы Жем өзені арнасын бұру үшін жасанды бөгеттерді жару жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тлшсі Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Қазіргі уақытта Ұлы Жем өзені елді мекенге қауіп төндірмес үшін, қарғын судың деңгейін түсіру өте өзекті мәселе болып отыр. Осы ретте Жемнің бойында орналасқан жасанды бөгеттерді жару арқылы судың арнасын бұру жұмыстары басталды, - делінген хабарлады.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев жауапты мамандармен бірге жүріп жатқан жұмыстарға аэровизуалды тексеру жүргізді.

- Жылыойға төнген қауіпті сейілту мақсатында Жем өзенінің сағаларын ашып жатырмыз. Бұл маңда кезінде көптеген жеке шаруа қожалықтар суды жинап алу мақсатында ағыс көзін бітеп, жасанды бөгеттер тұрғызған. Бұл қалаға келген судың ағыспен ағып кетуіне үлкен кедергі болып отыр. Соған байланысты бітелген арналардың көзін бөгеттерді жару арқылы ашып жатырмыз. Оны тротилмен жарып, өзен кедергісіз ағып жатыр, - деді Қ.Нұртаев.

Оқи отырыңыз: Үкімет басшысы мен оның орынбасарлары су басқан өңірлерде болады