Семейде мұз үстінде жұмыс істеп жатқан жүк тиегіш техника суға түсіп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға Бейбітшілік аралында болған.
"Суға түсіп кеткен көлік жүргізушісі кабинадан шыға алмады. Оқиға орнына дер кезінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар барып, ер адамды алып шықты", – делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің Іnstagram парақшасында.