Артында үш баласы қалды
Алматы Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтан Күдебаев көз жұмды. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды NUR.KZ.
Tengrinews.kz порталының мәліметінше, Нұрсұлтан Күдебаев тамыз айының басында Алматы облысында квадроциклмен жол апатына ұшыраған.
Белгілі болғандай, ол 27 тамызда Германияда көз жұмған. Сол жақта Нұрсұлтан Күдебаевқа ота жасалған екен.
Марқұмның артында үш баласы қалды.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Күдебаевтың Алатау аудандық прокурордың орынбасары болып қызмет еткен.