Қала әкімі Досаев төтенше жағдай болған хостелге барды

30.11.2023 15:45

Ғимарат Халық банкке тиесілі

Алматы әкімдігі / пресс-служба акимата

Әди Шәріпов көшесі, 86 мекенжайындағы «Almaty Hostel» жатақханасында өрт туралы ақпарат 2023 жылдың 30 қарашасында шамамен таңғы сағат 5.33-түскен.

Өртке оранған жертөле аумағы 30 м2. Хостел бір жарым ай бұрын ғана ашылған, ғимарат Халық банкке тиесілі. Банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген.

Ғимараттың жатын орын қызметін көрсетуге арнайы құжаты болмаған. Алматы қаласы жоғары оқу орындарымен студенттердің тұруы үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылмаған. 

Студенттердің осы хостелде тұруына өтініш түскен жоқ, студенттерді хостелге орналастыру жұмысы жүргізілмеді.

Оқи отырыңыз: Өртенген хостелде қаза тапқан 13 адамның көбі шетел азаматы екен