Шиелі тұрғыны өз ауласында асылып қалды

14.03.2019 15:45

Тексеру барысында оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған

Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны өзінің ауласында асылып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарауынша, тексеру барысында оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.

«Қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 105-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиға себептері анықталуда», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.