Ақмола облысында «Мұғалім-2022» аймақтық спартакиадасы кезінде ұстаз көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Көз жұмған мұғалім Мамай ауылындағы орта мектеп директорының 43 жастағы оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болған.
"Жарысқа Біржан сал ауданының 10 мектебі қатысты, оның ішінде Мамай ауылының негізгі орта мектебінің командасы да бар. Жарыс волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, қоссайыс және ұлттық спорт ойындары сияқты спорттың бірнеше түрінен өтті. Көз жұмған мұғалімнің спорттық жарыстарға қатысуға рұқсаты болды. Осы аймақтық спартакиадаға қатысу өтініміне сәйкес волейбол және үстел теннисі бойынша команда құрамына қабылданды. Волейбол ойыны барысында ол өзін жайсыз сезініп, алаң сыртына шығып орындыққа отырды. Біраз уақыттан кейін құлап, есінен танып қалды. Оған медицина қызметкері алғашқы медициналық көмек көрсетті», - делінген Ақмола облысы білім басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.