Алматы әкімі ұшақ апаты болған жерге барды

Алматы әкімі ұшақ апаты болған жерге барды
Бақытжан Сағынтаев ұшақ апатынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев Bak Air ұшағы апатқа ұшыраған жерге барды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Бүгін таңертең қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Bak Air авиакомпаниясына тиесілі Fokker-100 ұшағының апатқа ұшыраған жеріне барды. Шаһар басшысы іздеу-құтқару жұмыстарының барысымен танысты. Осыдан кейін әкім Алматы халықаралық әуежайының терминалына барды. Бақытжан Сағынтаев №4 қалалық клиникалық ауруханаға түскен зардап шеккендерге, сондай-ақ BSMP және қаладағы балалар шұғыл көмек орталығында да болды. Алматы әкімі апатта қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Новости партнеров