Шымкентте қашып кеткен сарбаз бен оның сыбайластарынан 29 автомат пен 24 тапанша тәркіленді. Олар қаруларды сатқысы келген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бүгінде қылмыстық іс аясында басты күдікті ұсталды, сондай-ақ, оның екі сыбайласы ұсталды. Олардың бірі қаруларды алып шығуға көмектессе, екіншісі қаруларды сатпақшы болған. Осыған қатысы бар басқа да күдіктілерді анықтау мақсатында іздестіру шаралары жалғасып жатыр", – деді ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.
Бас әскери прокуратураның мәліметінше, ұрланған қаруларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.