Павлодарда итті терезеден лақтырған ер адамға қатысты тергеу басталды

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Жануар өліп қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда итті терезеден лақтырған ер адамға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

«Сердца Павлодарда» ҚҚ Instagram парақшасында ер адамның күшікті көпқабатты үйдің терезесінен лақтырып жібергені туралы ақпарат пайда болды.

Соның салдарынан жануар өліп қалған. Бұл жағдайды көрген балалар барлығын еріктілерге айтып берген.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 12 мамырда 102 операторының пультіне Торайғыров көшесіндегі аулада әйел адамның көмек сұрағаны туралы қоңырау түскен.

«Оқиға орнына келген полицейлер 54 жастағы азамат күшікті Торайғыров көшесіндегі үйдің үшінші қабатының терезесінен лақтырып жібергенін анықтады. Ер адам мас күйінде болғандықтан, уақытша бейімделу және депоксикация орталығына орналастырылды. Жануарларға қатыгездік жасау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 316-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады департаментте.

Аталған баптың 3-бөлігі бойынша жануардың өліміне әкеп соқтырған және жас балалардың қатысуымен жасалған қатыгездік үшін 1000 АЕК айыппұл салу, не төрт жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не бір жылға дейін бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Новости партнеров