ҚР Қылмыстық кодекстің 122-бабы бойынша қылмыстық қозғалды
Жетісу облысында 15 жастағы оқушы қыз жүкті болды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жағдай бұқаралық ақпарат құралдарында талқыланды.
Жетісу облыстық полиция департаменті аталған деректі растады.
- Талдықорған қалалық полиция басқармасының қызметкерлері аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Іс материалдары бойынша күдікті — кәмелетке толмаған қыздың 21 жастағы туысы, — деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бірқатар сараптама тағайындалды.
Іс облыстық тергеу басқармасының ерекше бақылауында.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында оқушы мектептегі темірге құлап, ауруханаға түсті