Жамбыл облысында 2,5 метрлік бомба табылды

22.02.2022 23:09

Оның салмағы 500 келіні құрайды

newtimes.kz

Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданынан 2,5 метрлік бомба табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетпей тұрып, оларға жергілікті тұрғын құмды аумақта күдікті заттың жатқанын хабарлаған. Тәртіп сақшылары дереу жетіп онда снарядтың жатқанын анықтады. Осылайша, бірден саперлерді шақырып, жарылғыш затты зерттеп, оның авиациялық бомба екенін және кез келген минутта жарылып, 200 метрге дейінгі аумақты қамтитынын хабарлады.  

«Бомбаны одан ары залалсыздандыру үшін арнайы әскери техникаға тиеп, полигонға алып кетті. Полицияға қауіпті әскери құрал туралы хабарлаған ер адам марапаттауға ұсынылды», - деді Полиция департаменті баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.