Бұл туралы жергілікті Телеграм-каналдардың бірінде хабарланды
Ақтау тұрғындары бүгін таңертең жер сілкінісін сезген. Қаланың төменгі шағын аудандарында тұратындар дүмпуді жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 9:20-да анық байқаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жергілікті Телеграм-каналдардың бірінде тұрғындар жер сілкінісі сезілгенін хабарлады.
«Жер сілкінді ме?» — деп жазды ақтаулықтардың бірі.
Оған жауап берген қаланың 4, 6, 12 және 17 шағынаудандардың тұрғындары жер сілкінісін сезінгенін айтты.
«Иә, жер сілкінгенін байқадық. Үйдегі заттар қозғалды». «Кәдімгідей сезілді», — деп жазды олар.
«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС 7 желтоқсанда Алматыдан 2289 км жерде, яғни Әзербайжан аумағындағы Каспий теңізінде жер сілкінісі болғаны тіркелген.
Жер сілкінісінің магнитудасы — 5.7. Эпицентр координаты — 41,09° с. е. 49,71° ш. б. Тереңдігі — 35 км. МSК-64 шкаласы бойынша Ақтауда 3 балдық жер сілкінісі сезілген», — делінген хабарламада.