Жаңаөзенде 1 жасар сәби 2-қабаттан құлап жерге баспен түскен. Мұны оның ана-анасы айтып отыр. Баланың өмірін құтқару операциясы екі сағатқа созылған. Қазіргі уақытта оның жағдайы өте ауыр дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Сәби Жаңаөзендегі балалар ауруханасына бас сүйек-ми жарақаты диагнозымен жеткізілген. Балалар нейрохирургі Ербол Кенжебалов шұғыл ота жасап, сәбидің өмірін аман алып қалды.
«Қазіргі уақытта баланың жағдайы өте ауыр, бірақ тұрақты, ол І дәрежелі комада жатыр» - деп хабарлады Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.