Абай облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды

15.01.2023 16:00

Іс бойынша бірқатар сот сараптамасы тағайындалды

Polisia.kz

Абай облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 14 қаңтарда сағат 13:30-да 111/87 шақырымды Семей-Өскемен тасжолында ВАЗ 21102 және Toyota Camry маркалы екі автокөлік бетпе-бет соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 21102 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған дене жарақаттары салдарынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қаза болды. Сондай-ақ, ВАЗ 21102 көлігінде кәмелетке толмаған үш жолаушы болған.

Бүгінде кәмелетке толмаған үш жолаушы, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Іс бойынша бірқатар сот сараптамасы тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.