Хабар-ошарсыз кеткен 150 адам табылды
Қазақстанның ІІМ қызметкерлері түрік әріптестерімен бірге жыл басынан бері алаяқтық, аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны, қаржы пирамидасын құрғаны үшін іздеуде жүрген сегіз қылмыскерді Түркияда ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сонымен қатар қаңтарда ішкі істер органдарының аумақтық бөліністері іздеуде жүрген 237 қылмыскерді ұстап, хабар-ошарсыз кеткен 150 адамды тапты.
Мәселен, 27 қаңтарда Көкшетауда полиция қызметкерлері 1998 жылдан бері бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген 55 жастағы ер адамды қолға түсірді.