Бүлдіршін ауруханадағы травматология бөлімінде жатыр
24 шілдеде Ақтөбедегі Батыс-2 ауданында «Нұрзерек» балабақшасында үш жасар бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Диапазон» сайтына сілтеме жасап.
«Түскі уақыт кезінде балаларды ұйықтатып жатқанда бір бала жатын бөлмеге жүгірен. Ары қарай екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Баланың аяғы сынған», – деді қалалық Білім беру бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов.
Ол балалар ауруханасындағы травматология бөлімінде жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің айтуынша, баланың миы шайқалған және аяғы сынған. Дегенмен, бүлдіршіннің жағдайы бірқалыпты.