Павлодарда 700 литр жанар-жағармай тиелген жүк көлігі өртенді

01.08.2019 16:16

Оқиға орнынан 40 тонна жанар-жағармайға арналған екі бос цистерна шығарылған

Павлодарда Трансортная көшесі, 11 мекенжайы бойынша өндіріс базасы аймағында КамАЗ толығымен жанып кетті, деп хабарлады pavlodarnews.kz.  

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі өрт сағат 22.25-те тіркелгенін айтты.

« 1991 жылы шығарылған тіркемесі бар жүк көлігінде 700 литр жанар-жағармай болған. Жалын жалпы аумағы 50 шаршы метрді шарпыған», - деді ТЖ департаментінде.

Сонымен қатар, оқиға орнынан сыйымдылығы 40 тонна жанар-жағармайға арналған екі бос цистерна шығарылған. Жеке құрамнан 14 адам 3 техниканың көмегімен тілсіз жауды сағат 23.15-те ауыздықтап, сағат 23.23-те толық сөндірілді.

Алдын ала мәлімет бойынша өрт электр жабдығының қысқа тұйықталуы салдарынан болған.  

Теги: Павлодар