Төтенше жағдай кезінде эвакуациялау жұмыстары жүргізілді
27 ақпан күні таңертең Астана әуежайында өрт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
- 112 нөміріне Астанадағы халықаралық әуежай терминалының электр қалқанында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Сыртқы белгілер бойынша №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяда қатты түтін пайда болды, эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство атап өткендей, 500 адам өз бетімен эвакуацияланды.
- Өрт сағат 08:24 сөндірілді. №2 терминалдың серверлік бөлмесіндегі 10-15 шаршы метр электр кабелі өртенген. Зардап шеккендер жоқ, - деді баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті сөндіруге Астана қалалық ТЖД жеке құрамының 76 адамы мен 18 бірлік техникасы шықты.
Оқи отырыңыз: Қарағандыда машина жасау зауыты өртенді